ХАБАРЛАНДЫРУ Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру және бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру қызметтеріне тарифтері келісілгені туралы от 25.01.2021ж.
«Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-гі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы №01-04-15/53 хатымен төмендетілген тарифтер келісілгенін хабарлайды:
- Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне төмендетілген тариф 1111,09 теңге/вагоно-км ҚҚС-сыз, 1244,42 теңге/вагоно-км ҚҚС-мен көлемінде келісілді, 2021 жылғы 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі, 2020 жылғы 31 шілдеге дейінгі қолданыстағы тарифтен 2,83% төмендетілді (2020 жылғы 1 тамыздан бастап 2021 жылғы 31 шілдеге дейін өтемдік тариф қолданыста болады).
- Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру қызметіне төмендетілген тариф 1489,09 теңге/вагоно-сағ ҚҚС-сыз, 1667,78 теңге/вагоно-сағ ҚҚС-мен көлемінде келісілді, 2021 жылғы 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі, 2020 жылғы 31 шілдеге дейінгі қолданыстағы тарифтен 15,73% төмендетілді (2020 жылғы 1 тамыздан бастап 2021 жылғы 31 шілдеге дейін өтемдік тариф қолданыста болады).
